Қордай: Аудан Бас имамы «Қаракемер 2» мешітінде жұма намазын өткізді

Қордай: Аудан Бас имамы «Қаракемер 2» мешітінде жұма намазын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы «Қаракемер 2» мешітінде ауданның Бас имамы Азамат Берікұлы жұма намазын өткізіп, жамағатқа насихат айтты. Уағыз барысында «Жаман ойдан аулақ болу – ізгіліктің бастауы» тақырыбы кеңінен қозғалып, ислам дініндегі көркем мінездің маңызы, жүрек тазалығы және адамдарға жақсы көзқараспен қараудың сауабы жайында айтылды. Сондай-ақ жамағат ізгі ой мен игі амалдың қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтудағы орны туралы тағылымды насихат тыңдады.

Жұма намазына жиналған жамағат уағыздан рухани әсер алып, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеуге шақырылды. Алла Тағала баршамызға жүрек тазалығын, көркем мінез бен ізгі амалдарды нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: