Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы «Қаракемер 2» мешітінде Алла үйінің жұмыстарына тұрақты қолдау көрсетіп, мешіт қызметіне жанашырлық танытып жүрген жамағат мүшесіне алғыс білдіру және марапаттау шарасы өтті. Шара барысында мешіттің рухани-ағарту және қайырымдылық бағытындағы істеріне үлес қосып жүрген азаматтың еңбегі атап өтіліп, оған ризашылық білдірілді.
Мешіт басшылығы жамағатты игі істерге ұйытқы болып, дін мен дәстүр құндылықтарын дәріптеуге атсалысып жүрген азаматтарға әрдайым құрмет көрсетілетінін жеткізді. Жиналған жамағат ел игілігі мен Алла үйінің көркеюі жолындағы еңбектің сауапты іс екенін атап өтіп, марапат иесіне ізгі тілектерін білдірді. Алла Тағала жасаған қайырлы амалдарын қабыл етіп, отбасына амандық, жұмысына береке нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


13 Маусым 2026
27 Зуль-хиджа 1447

