Қордай: «Қақпатас» мешітінде балаларға балмұздақ таратылды

Қордай: «Қақпатас» мешітінде балаларға балмұздақ таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қақпатас ауылындағы «Қақпатас» мешітінің имамы Жармахамбет Танаубайұлының ұйымдастыруымен «Балаларды қорғау» күніне орай мерекелік шара өтті.

Ізгі шара барысында ауыл балаларына балмұздақ пен тәттілер таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық ұйымдастырылған игі істің маңызын айқындай түсті. Мешіт ұжымы өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету, олардың бойына ізгілік пен мейірімділік қасиеттерін сіңіру – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Алла Тағала бүлдіршіндерімізге амандық, жарқын болашақ нәсіп етіп, олардың қуанышына себеп болған азаматтардың игі істеріне береке берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: