Қордай: Еңбек сіңірген имамды шығарып салу салтанаты өтті

Қордай: Еңбек сіңірген имамды шығарып салу салтанаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы «Қаракемер 2» мешітінде 15 жыл бойы имамдық қызмет атқарған Таубалды Данияр Сәрсебекұлын  құрметпен шығарып салу рәсімі өтті.

Шараға ауыл ақсақалдары, жамағат мүшелері және дін қызметкерлері қатысып, имамның ел игілігі жолындағы еңбегіне ризашылықтарын білдірді. Осы жылдар ішінде ол мешіттің діни-ағарту жұмыстарының жандануына, жастар тәрбиесіне, қайырымдылық шараларының ұйымдастырылуына және жамағаттың ауызбіршілігінің нығаюына өзіндік үлесін қосты.

Салтанатты жиында сөз сөйлегендер имамның көркем мінезі мен жауапкершілігін ерекше атап өтіп, халықпен етене араласып, көптеген игі бастамалардың жүзеге асуына себепкер болғанын жеткізді. Сонымен қатар атқарған жемісті қызметі үшін алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталып, құрмет көрсетіліп шапан жабылды.  

Жамағат атынан ақ баталар беріліп, алдағы қызметіне сәттілік пен береке тілінді. Өз кезегінде имам да жамағатқа ризашылығын білдіріп, бірге атқарылған игі істер үшін алғыс айтты. Алла Тағала атқарған қызметін сауаптар қатарынан жазып, алдағы өмір жолына амандық, денсаулық және мол береке нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: