Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы «Қаракемер 2» мешітінде ауданның Бас имамы Азамат Берікұлы мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында мешіттің құжаттары, ішкі тәртібі, діни-ағарту бағытындағы жұмыстары және жамағатпен жүргізіліп жатқан іс-шаралар қаралды. Сондай-ақ мешіт қызметінің сапасын арттыру бағытында тиісті ұсыныстар беріліп, алдағы жұмыстар пысықталды. Алла Тағала мешіттеріміздің берекесін арттырып, атқарылып жатқан игі қызметтерге мол сауап нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


30 Шілде 2026
14 Сафар 1448

