Тегістік ауылдық мешітінің имамы Ахмет Жетпісбайұлы Тараз қаласында орналасқан арнаулы мектеп оқушыларымен тағылымды кездесу өткізді.
Басқосу барысында ауыл имамы арнайы тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдеге адамгершілік, ізгілік, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу секілді құндылықтар жөнінде әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Сонымен қатар, имам жастарды білім алуға, еңбекқорлыққа және қоғамға пайдалы азамат болуға шақырды.
Шара жылы әрі еркін форматта өтіп, оқушылар мен ұстаздар тарапынан жақсы қолдау тапты. Кездесу соңында қатысушылар имамға алғыстарын білдіріп, мұндай тәрбиелік маңызы зор кездесулердің алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.
Игі шара аясында тәлім-тәрбие алып жатқан бүлдіршіндерге кәсіпкер Салтанат Ысқақұлы дастархан жайды.


13 Маусым 2026
27 Зуль-хиджа 1447

