Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы ардагерлермен бірге аудандық тарихи-өлкетану музейіне арнайы барып, ондағы құнды жәдігерлермен танысты. Экскурсия барысында қатысушылар аудан тарихынан сыр шертетін экспонаттарды тамашалап, өткеннің өнегелі тағылымдары жайында пікір алмасты.
Музей қызметкерлері өңірдің тарихы, мәдениеті мен рухани мұрасы туралы жан-жақты мәлімет берді. Ардагерлер ел тарихына қатысты естеліктерімен бөлісіп, жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында бас имам ардагерлерге алғысын білдіріп, мұндай тағылымды шаралардың өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеуде ерекше рөл атқаратынын жеткізді. Іс-шара жылы жүздесу мен рухани сұхбатқа ұласты.


13 Маусым 2026
27 Зуль-хиджа 1447

