Құрбан айт мерекесіне орай Жайсан ауылының «Жанабай баба» мешітінде мереке қарсаңында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары бас қосқан жиында дастархан жайылып, ас берілді. Жамағат бір-біріне ізгі тілектерін айтып, мерекелік көңіл күймен қауышты.
Іс-шара барысында ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер қоршаған ортаны көркейту мақсатында көшет отырғызды. Бұл игі бастама көпшілікке өнеге болып, табиғатты аялаудың маңызын көрсетті.
Сонымен қатар жастар арасында ұлттық және спорттық ойындардан жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, футбол, тоғызқұмалақ және қол күрес сайыстары ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, жамағат тарапынан ыстық лебіздер айтылды.
Шара соңында мешіт жамағаттары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді. Мешіт имамы қасиетті Құран аяттарын оқып, ауыл тұрғындарына ізгі тілегін жеткізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



06 Маусым 2026
20 Зуль-хиджа 1447

