Шу аудандық «Жәми» мешітінде орыс тілді қыз-келіншектер тобының ұйымдастыруымен «Исламдағы шебер қыз» атты тағылымды іс-шара өтті. Кеш барысында әжелер мен аналар қыз балаларға өз өнерлерін көрсетіп, қолөнердің қыр-сырын үйретті. Атап айтқанда, қыздарға тоқыма тоқу, тігін тігу және басқа да ұлттық әрі тұрмыстық қолөнер түрлері таныстырылды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында «Исламдағы қыз тәрбиесі» тақырыбында уағыз-насихат айтылып, қыз баланың тәрбиесі, әдебі мен қоғамдағы орны жайында кеңінен сөз қозғалды. Жиналған көпшілік рухани әрі тәрбиелік мәні зор кештен ерекше әсер алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



06 Маусым 2026
20 Зуль-хиджа 1447

