Қордай: «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» шарасы өтті

Қордай: «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай арнайы дұға жасалып, Құран бағышталды. Іс-шара барысында «Нұрислам» мешіт имамы Жұмабайұлы Зейне марқұмдардың рухына Құран оқыды.

Жиналған жамағатқа ауданның Бас имамы Азамат Берікұлы тағылымды уағыз айтып, ел тәуелсіздігінің қадірі, халықтың бірлігі мен тыныштығының маңызы туралы насихат жүргізді. Сонымен қатар, өткен тарихтың ауыр кезеңдерін ұмытпай, құрбандардың рухына құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың парызы екендігін атап өтті. Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық пен береке нәсіп етіп, өткен бабаларымыздың рухын рақымына бөлгей.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: