Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Қордай» және «Рахман» мешіттерінің әжелер алқасының мүшелері «Құрбан айт» мерекесінде бір-біріне айттап барып, өзара зиярат жасады.
Кездесу барысында әжелер ақ тілектерін арнап, ізгі ниеттері мен баталарын беріп, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ бір-біріне айттық сыйлықтар табыстап, Құрбан айттың береке-бірлік пен бауырмалдықты нығайтатын қасиетін дәріптеді. Шара барысында үлкендер өнегелі әңгімелер айтып, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын тілеп, ақ баталарын жаудырды.
Мұндай тағылымды кездесулер ұрпаққа үлгі болып, қоғамдағы сыйластық пен татулықты арттыра түсетіні сөзсіз. Алла Тағала Құрбан айт мерекесінің берекесін нәсіп етіп, әр шаңыраққа амандық, молшылық пен қуаныш сыйласын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



04 Маусым 2026
18 Зуль-хиджа 1447

