Қордай: «Қордай бекетінде» айттық дастархан жайылып, насихат айтылды

Қордай: «Қордай бекетінде» айттық дастархан жайылып, насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылындағы «Қордай бекетінде» қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай айттық дастархан жайылып, рухани кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында «Қордай ауылдық» мешітінің азаншысы Мухамбетов Бекзат әскери қызметкерлермен кездесіп, Құрбан айттың маңызы, бірлік пен бауырмалдық, отансүйгіштік және адамгершілік құндылықтар жайында насихат айтты.

Сонымен қатар ел тыныштығы мен халық амандығын күзетіп жүрген азаматтарға алғыс білдіріліп, ақ тілектер айтылды. Айттық дастархан басында жиналғандар мерекелік көңіл-күймен сұхбаттасып, рухани әңгімелер өрбіді.

Әскери қызметкерлер де ұйымдастырылған игі шараға ризашылықтарын білдіріп, баталарын алды. Мұндай кездесулер қоғамдағы татулық пен өзара сыйластықты арттырып, рухани құндылықтарды насихаттауға үлкен үлес қосады. Алла Тағала елімізге тыныштық, халқымызға амандық нәсіп етіп, барша игі істердің сауабын еселеп жазғай!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: