ТАРАЗДА «ИМАНИ ЖАЗ – 2026» ШӘКІРТТЕРІНЕ БАЛМҰЗДАҚ ТАРАТЫЛДЫ

ТАРАЗДА «ИМАНИ ЖАЗ – 2026» ШӘКІРТТЕРІНЕ БАЛМҰЗДАҚ ТАРАТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде дәстүрлі түрде бастау алған «Имани жаз – 2026» жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттеріне ерекше қуаныш сыйлаған игі шара өтті.

Жазғы демалыстарын рухани біліммен ұштастырып жатқан бүлдіршіндердің ықыласын арттыру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы дәрісханаларды арнайы аралады. Облыстың бас имамы балалардың сабақ үлгерімі мен білім алу қарқынын байқап, олармен емен-жарқын тілдесті. Рухани білім жолына қадам басқан балдырғандарды жігерлендіріп, өткен тақырыптар бойынша қызықты сұрақтар қойды.

Курстың алғашқы аптасы артта қалса да, зерек шәкірттер бір апта ішінде үйреніп үлгерген діни әдептер, қысқа сүрелер мен негізгі діни ұғымдар туралы білімдерін ортаға салып, өзара жарыса жауап берді.

Кездесу соңында Асқар Зәкіржанұлы балаларға жаздың аптап ыстығында салқын балмұздақтар таратып, олардың ілім алу жолындағы қадамдарына береке тіледі. «Діни сауат ашу курсы сендер үшін тек пайдалы емес, сонымен бірге ең тәтті әрі ұмытылмас жазғы естелікке айналсын», – деп ізгі ниетін білдірді.

Бас имамның қолынан тәтті сыйлық алған балалар мәз-мейрам болып, ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын жаудырды. Мешіт қабырғасындағы мұндай қызықты сәттер балалардың білімге деген құштарлығын одан сайын арттыра түспек.

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: