Қордай: «Құрбан айтта» қарттар үйі зиярат етілді

Қордай: «Құрбан айтта» қарттар үйі зиярат етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт мерекесіне орай Қордай ауданы, Қордай ауылындағы қарттар үйіне арнайы зиярат ұйымдастырылды. Ізгі шара барысында қариялармен жүздесіп, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ақжарма тілектер айтылып, олардың хал-жағдайлары сұралды. Сондай-ақ, «Нұрислам» мешітінің имамы Жұмабайұлы Зейне Құрбан айт құрбандықтарының еттерін таратып, қарттарға құрмет көрсетті.

Қариялар өз кезегінде ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Алла Тағала жасалған ізгі амалдарды қабыл етіп, ел ішіндегі бірлік пен берекені арттырсын. Құрбан айт мерекесі барша мұсылман қауымына құтты болсын, әр шаңыраққа Алла Тағала амандық, молшылық және қуаныш нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: