Жуалы ауданы Құрбан айт мерекесіне орай «Мырзахмет ата» мешіті ауласында қол күрестен тартысты жарыс ұйымдастырылды. Жарыс екі санат бойынша өтті: жастар арасында және қариялар арасында.
Қатысушылар өзара күш сынасып, мерекелік көңіл-күйді одан әрі жандандырып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Көрермендер ұлттық спортқа деген қызығушылықтарын танытып, сайыс барысында ерекше қолдау көрсетті.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды:
І орын — 10 000 теңге
ІІ орын — 7 000 теңге
ІІІ орын — 5 000 теңге
IV орын — 3 000 теңге
Мұндай игі шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастарды бірлікке, намыс пен салауатты өмір салтына тәрбиелеуге үлкен үлес қосады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



30 Шілде 2026
14 Сафар 1448

