Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылы ауылдық мәдениет үйінде аналарға құрмет көрсетіп, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында «Аналар мектебінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға аудан әкімі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы және Күнсұлу Қамбарова қатысты. Қонақтар жаңа орталықтың ашылу лентасын қиып, игі бастамаға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, тәрбиелік мәні зор мұндай жобалардың қоғам үшін маңыздылығына ерекше тоқталды.
Жиын барысында Перизат Шымыртайқызы мектептің алға қойған мақсат-міндеттерімен таныстырып, отбасы тәрбиесіндегі ананың рөлі мен рухани құндылықтардың мәні жайында кеңінен әңгімеледі.
Ал шараға қатысқан ауыл ақсақалы Сейтқазы Медетбекұлы ақ батасын беріп, ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіне бағытталған бастаманың берекелі болуына тілектестік білдірді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



05 Маусым 2026
19 Зуль-хиджа 1447

