Жуалы ауданы "Дихан" мешітіне аудан имамы Есет Тұрдыбайұлы арнайы жұма күні сапармен келді.
Кездесу барысында аудан имамы жаңадан тағайындалған Нұрлан Әмірбаевты мешіт ақсақалдары мен жамағатқа таныстырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бұйрықты оқып берді. Сонымен қатар ауыл молдасына сәттілік тілеп, ақсақалдар өз баталарын берді.
Жамағат басқосуы жылы әрі тағылымды жағдайда өтіп, ел бірлігі мен діни тұрақтылық жайында насихат айтылды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



05 Маусым 2026
19 Зуль-хиджа 1447

