Жуалы: Уақып етудің шексіз сауабы насихат етілді

Жуалы: Уақып етудің шексіз сауабы насихат етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданындағы Ақсай ауылдық «Дихан» мешітінде жұма уағызы айтылды. «Дихан» мешітінде өткен жұма уағызында аудан имамы Есет Тұрдыбайұлы жамағатқа «Мүлікті игі іске берудің (Уақып етудің шексіз сауабы)» тақырыбында тағылымды насихат айтты.

Уағыз барысында имам уақыптың қоғамдағы орны мен маңызына тоқталып, бүгінгі таңда бұл игі дәстүрді жаңғырту мейірімділік пен бауырмалдық құндылықтарын қайта жандандыратынын атап өтті. Сондай-ақ, уақыптың бай мен кедей арасындағы алшақтықты азайтып, әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді.

Имам сөзінде: «Уақыпты тек тарихи жәдігер ретінде емес, қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге қауқарлы заманауи даму құралы ретінде қарастыруымыз қажет», – деді. Сонымен қатар, ол жамағатқа Алла разылығы үшін жасалған садақа мен уақып істерінің сауабы мол екенін еске салып:

«Алла Тағала ниетімізді, берген садақаларымызды, жасаған уақып істерімізді қабыл етсін. Артымыздан жақсы сөз, игі іс және тоқтаусыз сауап әкелетін нығмет қалдыруды нәсіп етсін!» – деп дұға жасады.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: