БАЙЗАҚ: АЙМАНТӨБЕ МЕШІТІНЕ ҚҰДЫҚ УАҚЫП ЕТІЛДІ

БАЙЗАҚ: АЙМАНТӨБЕ МЕШІТІНЕ ҚҰДЫҚ УАҚЫП ЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Аймантөбе ауылындағы мешітке жамағаттың қолдауымен құдық уақып етілді. Игі бастама ауыл тұрғындары мен мешіт жамағатының игілігіне бағытталып, сауапты іс ретінде жүзеге асты.

Құдықтың ашылу рәсіміне ауыл ақсақалдары, мешіт жамағаты және ауыл тұрғындары қатысып, ел игілігіне берілген сауапты істің маңыздылығы айтылды. Жамағат бұл игі бастаманың халыққа пайдасы мол екенін жеткізіп, уақып жасаған азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

Шара барысында аудан  мешітінің имамы Қанат Әділханұлы уақыптың Ислам дініндегі орны мен сауабы жайында насихат айтып, адамзатқа пайдасы тиетін әрбір игі істің сауап қоры үзілмейтін амалдардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар елге қызмет ету, көпшілікке қолайлы жағдай жасау – сауабы мол іс екені кеңінен түсіндірілді.

Ауыл тұрғындары мұндай қайырымды бастамалардың қоғамдағы ауызбіршілік пен жанашырлықты арттыра түсетінін айтып, игі іске атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді. Айтулы шара рухани құндылықтар мен қайырымдылықтың сабақтастығын айшықтаған тағылымды іс болды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: