«Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Жүніс молда» мешітінде Құрбан айт мерекесінің құрметіне Ұлттық нақышта айт мерекесі тойланды.
Елорда да өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырқан еді.
Осы бастаманы мешіт ұжымы қолдап игі шараны мешіт қызметкерлері мешіт жамағаты ұлтты нақышта киімдер киіп, жиналған жамағатқа ақ дастархан жайылып ұлттық тағамдарымыз бен сусындарымыз ұсынылды және ұлттық спорт ойындарымыздан атап айтқанда үлкендерге мен жас балаларға арқан тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру және қой көтеру жарыстары ұйымдастырылды. Топ жарып жеңіпаз атанған жандарға арнайы сертификаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпағымызға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ойын сауықтар ұйымдастырылып, мешіт ауласына батут және айт құтты болсын деген фото рамка фото зона қойылды, тегін балмұздақтар мен ойыншықтар таратылды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



05 Маусым 2026
19 Зуль-хиджа 1447

