Екпінді ауылы «Рахымбай ата» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Айт намазынан кейін өткен тағылымды шараға ауыл тұрғындары мен жастар белсене қатысып, мерекелік көңіл-күй орнады.
Сайыс барысында арқан тарту, қазақ күресі және қол күрес ойындары өткізіліп, қатысушылар өз бақтарын сынады. Ұлттық спорт түрлері арқылы жастарға күш-қайрат, батылдық пен ұйымшылдықтың маңызы насихатталды.
Мерекелік шараның басты мақсаты – Құрбан айттың рухани мәнін дәріптеп қана қоймай, ұлттық дәстүрлерімізді жаңғырту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және жамағат арасындағы бірлікті нығайту болды.
Шара соңында жеңімпаздарға арнайы мақтау қағазы мен медальдар табысталып, Қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мерекелік шара жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



05 Маусым 2026
19 Зуль-хиджа 1447

