МЕРКІДЕ «ДІН МЕН ДӘСТҮР» КІТАБЫ НАСИХАТТАЛДЫ

МЕРКІДЕ «ДІН МЕН ДӘСТҮР» КІТАБЫ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы «Жүніс молда» мешітінде жергілікті жамағатқа арналған кезекті тағылымды насихат сағаты өтті. Рухани жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл туындысы саналатын «Дін мен дәстүр» кітабы кеңінен таныстырылды.

Шара барысында мешіт имамдары жамағатқа халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген салт-дәстүрлері мен асыл дініміз Ислам құндылықтарының өзара сабақтастығын тереңнен түсіндірді. Насихат айтушылар ұлттық болмысымыз бен шариғат талаптарының үндесіп жатқан тұстарын мысалға келтіре отырып, бұл еңбектің өскелең ұрпақты имандылыққа, отансүйгіштікке және ата-баба аманатына адал болуға тәрбиелеудегі маңызы зор екенін атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тағылымды кездесуден рухани азық алды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: