МЕРКІДЕ «ДІН МЕН ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

МЕРКІДЕ «ДІН МЕН ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде жергілікті жамағаттың басын қосқан кезекті рухани кездесу өтті. Шарада Меркі ауданының бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы мұсылман қауымына «Дін мен дәстүр» тақырыбында мазмұнды уағыз-насихат айтты.

Кездесу барысында бас имам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен асыл дініміз Ислам құндылықтарының өзара тығыз байланысын, сабақтастығын кеңінен түсіндіріп өтті. Дәуіт Сейітқалиұлы ұлттық құндылықтардың шариғатпен үндескен тұстарын алға тарта отырып, дәстүрді құрметтеу — ұрпақ тәрбиесі мен ел бірлігін нығайтудың басты кепілі екеніне ерекше тоқталды.

Жиын соңында жамағат көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мешітке жиналған қауым ауданның бас имамына ризашылықтарын білдіріп, игі шараның маңыздылығын атап өтті.

Меркі аудандық «Меркі ата» meшітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: