Меркі: Құрбан айт мерекесіне орай дәстүрлі спорт ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды

Меркі: Құрбан айт мерекесіне орай дәстүрлі спорт ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай айт намазы оқылып, жамағатқа мерекелік көңіл-күй сыйланды. Намаздан кейін ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында қазақтың дәстүрлі спорт ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, жамағат арасында арқан тарту, гір тасын көтеру және садақ ату сынды ұлттық ойындар бойынша сайыстар өтті. Жарысқа ауыл жастары мен мешіт жамағаты белсенді қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шара ауызбіршілік пен татулықты нығайтуға бағытталды.

Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Осындай игі шаралар арқылы жастарды салт-дәстүрді құрметтеуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеудің маңызы зор.

Шара соңында жеңімпаздар қаржылай марапатталып, Құрбан айт мерекесінің қадір-қасиеті насихатталды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: