#Мойынқұм: Құмөзек түлектері ауылдың төлқұжатын сыйға тартты

#Мойынқұм: Құмөзек түлектері ауылдың төлқұжатын сыйға тартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құмөзек ауылында мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер игі бастама көтеріп, ауылға тарту жасады. Ауыл тұрғындарының қуанышына айналған бұл шарада түлектер ауылдың төлқұжатын орнатып берді.

Төлқұжаттың ашылу салтанатына ауыл ақсақалдары, тұрғындар мен жастар қатысты. Шара барысында ауылдың өткені мен бүгіні айтылып, туған жерге деген құрмет пен жанашырлықтың маңызы ерекше атап өтілді.

Түлектердің айтуынша, бұл — туған ауылға деген алғыс пен құрметтің белгісі. Ашылу рәсімінде ақ тілектер айтылып, ауылдың өсіп-өркендеуіне арналған баталар берілді.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: