ТАРАЗ: «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

ТАРАЗ: «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Түрксіб» мешітінің ұйымдастыруымен Жібек жолы ауданы аумағында кезекті қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж 56 отбасыға ет өнімдері таратылып, қосымша 12 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік себеттері үлестірілді.

Қасиетті Құран Кәрімнің «Бақара» сүресі, 195-аятындағы: «Жақсылық жасаңдар. Расында, Алла жақсылық істеушілерді жақсы көреді» деген иләһи әмірді басшылыққа алған мешіт жамағаты мен жомарт демеушілер бұл сауапты іске біркісідей атсалысты.

Шара барысында көмек алған отбасыларға ет пен азық-түлік себеттері салтанатты түрде табысталып, оларға жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Ұйымдастырушылар мұндай сауапты амалдар қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттырып, ел ішіндегі бірлік пен татулықты нығайта түсетінін атап өтті.

«Түрксіб» мешітінің ұжымы көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатынын жеткізіп, барша жамағатты сауапты істерде белсенді болуға шақырды.

«Түрксіб» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: