«Айсұлу ана» мешітінің ұйымдастыруымен қажылыққа ниет еткен жамағатқа арналған тағылымды семинар өтті. Шараны мешіт имамы Сәкен Сейдікәрімов жүргізіп, қасиетті сапарға аттанғалы отырған қауыммен маңызды мәліметтер бөлісті.
Кездесу барысында қажылық құлшылығының парыздары мен әдептері, сапар кезіндегі тәртіп пен дайындық мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қасиетті сапарға рухани әрі физикалық тұрғыда дайын болудың маңыздылығы айтылып, қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.
Семинар соңында жамағатқа сәтті сапар мен қабыл болған қажылық тіленіп, мұндай тағылымды кездесулердің алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатыны жеткізілді.
«Айсұлу ана» мешітінің баспасөз қызметі



06 Маусым 2026
20 Зуль-хиджа 1447

