Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде кезекті жұма уағызы өтті. Жиында мешіт имамы Тимур Утабергенұлы жамағатқа «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында уағыз айтты.
Имам өз сөзінде Отан ішіндегі ынтымақ пен бірлікті сақтау әрбір азаматтың борышы екенін атап өтті. Осы ретте қасиетті Құран Кәрімдегі Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын): «Уа, Раббым! Бұл елді аман сақтай гөр!» («Бақара» сүресі, 126-аят) деген дұғасын мысалға келтіріп, ел үшін дұға етудің маңызын түсіндірді.
Тимур Утабергенұлы бабалардан аманат болған Отанымыздың тыныштығын қадірлеу әрбір мұсылманның міндеті екенін жеткізді. Уағыз соңында еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін ізгі дұға жасалып, ақ бата берілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі


06 Маусым 2026
20 Зуль-хиджа 1447

