Жуалы ауданы Теріс ауылдық округіндегі «Мырзахмет ата» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай айт намазы оқылып, құрбандықтар шалынды.
Айттың шуақты күнінде ауыл тұрғындарына ақжарма ізгі тілектер айтылып, дүниеден өткен ата-баба мен ағайын-туыстардың рухтарына қасиетті Құран бағышталды.
«Құрбан шал да, Раббыңа құлшылық қыл» деген тағылымды сөзбен үндес бұл мереке — береке мен мейірімнің, ауызбіршілік пен бауырмалдықтың айқын көрінісі. Құрбан айт — адамдарды қайырымдылыққа, жанашырлыққа және татулыққа үндейтін ұлық мейрам.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



30 Шілде 2026
14 Сафар 1448

