Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің қақпасына «Құрбан айт құтты болсын» баннері ілінді.
Қасиетті мереке қарсаңында аудан имамы Есет Тұрдыбайұлы игі іске атсалысқан мекеме қызметкерлеріне алғысын білдіріп, барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
– Құрбан айт – ізгілік пен мейірімнің, татулық пен бауырмалдықтың мерекесі. Осы игі бастамаға үлес қосқан азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Алла тағала жасаған құлшылықтарымызды қабыл етіп, әр шаңыраққа береке мен амандық нәсіп етсін, – деді аудан имамы.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


06 Маусым 2026
20 Зуль-хиджа 1447

