Жуалы аудандық «Дихан» мешітіне ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы арнайы барып, құлшылық үйінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
Жұмыс сапары барысында аудан имамы мешіттің ішкі тәртібі мен материалдық-техникалық жағдайына баса назар аударды. Атап айтқанда, мешіт сөрелеріндегі діни оқулықтар мен әдебиеттердің мазмұнын қарап шығып, олардың ҚМДБ тарапынан мақұлданған кітаптар екендігін тексерді. Сонымен қатар, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау мақсатында мешіттегі бейнебақылау камераларының жұмысы мен олардың жазбаларын мұқият зерделеді.
Сапар аясында ауданның бас имамы аталған құлшылық үйіне жаңадан тағайындалған мешіт молдасы Нұрлан Әмірбаевпен кездесті. Есет Тұрдыбайұлы жаңа қызметкердің алдағы діни ағартушылық және жамағатпен жұмыс істеу бағытындағы жоспарларына сәттілік тілеп, жауапты қызметіне береке мен табыс тіледі.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі



06 Маусым 2026
20 Зуль-хиджа 1447

