Жуалы: Ауданда Құрбан айт намазы оқылды

Жуалы: Ауданда Құрбан айт намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мешіттерге жиналған мұсылман жамағаты таңсәріден құлшылық жасап, қасиетті мерекені бірлік пен ізгілік рухында қарсы алды.

Жуалы ауданы көлеміндегі барлық мешіттерде Құрбан айт мерекесіне орай айт намазы оқылды. Аудан аумағындағы барлық құлшылық үйлерінде жамағат мерекелік құлшылыққа қатысып, ұлық мейрамды ерекше ықыласпен бастады.

Айт намазынан кейін мешіт имамдары жамағатқа арнап уағыз-насихат айтты. Онда Құрбан айттың рухани мән-маңызы, құрбан шалудың тарихы мен оның хикметтері туралы кеңінен түсіндірілді. Имамдар өз сөзінде бұл мейрамның басты құндылығы — бауырмалдық пен өзара жәрдемдесу екенін атап өтті.

Мерекелік шара соңында елдің амандығы, жұрттың тыныштығы мен бірлігі үшін арнайы дұға бағышталып, ақсақалдардың ақ батасы берілді. Қазіргі уақытта аудан көлемінде құрбандық шалу және мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету шаралары жалғасуда.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: