Тараз: ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ӨЗІҢНЕН БАСТА

Тараз: ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ӨЗІҢНЕН БАСТА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы “Әл Фирдаус” мешітінің бастамасымен   “Өмірге үміт сыйла ”атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. “Әйел- қыздар секторының ” ұстазы Нұржамал Оңғарқызы “Сауат  ашу курсында” оқып жүрген шәкірттерімен бірігіп қасиетті жұма, Құрбан айт күні мешіт ауласында осы игі іс-шараға өз үлестерін қосты.

Қайырымдылықтың қайырымынан үміті бар әрбір шәкірт “ Жақсылықты өзіңнен баста......” деген қағидаға сүйеніп, отбасының атынан жәрмеңкеге жәрдем беріп, дастарханның сәнін келтіретін тағамның түрлерінен пісіріп әкелді. Жұмадан шыққан жамағаттан бөлек, сол маңайдағы көршілер де, жолай өткен жолаушы да астың берекесі қолдың көп болғанында, тағамның адалдығы бісмілләмен бастауында деп,  бағасы да қол жетімді әртүрлі тағамдарды сатып алып, мешіттің ұйымдастырған жірмеңкесіне қолдау көрсетті.

 “Әл Фирдаус” мешіті тарапынан жыл сайын ұйымдастырылып жатқан “Өмірге үміт сыйла” атты қайырымдылық жәрмеңкесінің түсімінен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедектігі бар жандарға ақшалай және азық-түлікпен қажеттілігін өтеуге жұмсалды.

ЖАПЕК ҒАЛЫМБЕК

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: