Ұлық мереке — Құрбан айт аясында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Талас ауданы, Қаратау қаласында орналасқан Қарттар үйіне арнайы зиярат жасап қайтты. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей тапсырмасымен ұйымдастырылған бұл шара қарттарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, рухани қолдау көрсетуді көздеді.
Игі шара аясында қарияларға арналып сәулетті айттық дастархан жайылды. Мерекелік жиында Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл Құрбан айттың мән-маңызы, үлкендерді құрметтеу мен имандылық төңірегінде тағылымды уағыз айтты. Сондай-ақ шараға Тараз қаласынан арнайы барған имамдар да қатысып, қарттардың хал-ахуалын сұрап, ізгі тілектерін білдірді.
Жалғыздық сезінген қариялардың көңіліне қуаныш ұялатқан бұл берекелі кездесу соңында ақсақалдар ақ батасын беріп, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасады.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



30 Мамыр 2026
13 Зуль-хиджа 1447

