Қордай: «Арал» мешітінде Құрбан айт мерекесімен құттықтап, шарттары түсіндірілді

Қордай: «Арал» мешітінде Құрбан айт мерекесімен құттықтап, шарттары түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Арал ауылы «Арал» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай жамағатқа насихат айтылып, мерекелік құттықтау жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Қордай аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Жанұзақ Әнебеков жиналған көпшілікті қасиетті мерекемен құттықтап, Құрбан айттың мұсылман қауымы үшін маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, құрбан шалудың шарттары, оның шариғаттағы үкімі мен орындалу тәртібі кеңінен түсіндіріліп, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Имам ізгілік пен қайырымдылықтың арта түсуіне тілектестік білдіріп, ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасады.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: