Құрбан айт мерекесінің аясында «Жәми» мешітінің алдында жамағатқа арналған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мұфтият» баспасынан жарық көрген құнды еңбектер қойылды.
Мешітке келушілер мен ауыл тұрғындары имандылық, шариғат мәселелері, салт-дәстүр және отбасы құндылықтарына бағытталған сапалы діни әдебиеттермен танысуға мүмкіндік алды. Мереке күні рухани азық іздеген қауым үшін бұл бастама үлкен қуаныш сыйлап, кітаптар көпшіліктің жоғары қызығушылығын тудырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


30 Мамыр 2026
13 Зуль-хиджа 1447

