Құрбан айт – жалаң құрбандық емес, ол – ішкі жан-дүниеңді тазарту мен рухани тұрғыдан жаңғыру деген сөз. Сұлтанмахмұт Торайғыров бабамыз бір сөзінде дін шын ақыл, ғылыммен бірлік етсе ғана шын дін болатынын, құр көңілге сеніп, құлшылық ету дұрыс емес екенін айтқан.
Осы орайда Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде қасиетті «Құрбан айт» мерекесіне дайындық мақсатында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі шараға мешіттің әйел-қыздар ұстазы ұйытқы болып, жамағатпен бірлесе мешіт ауласы мен ішкі бөлмелеріне тазалық жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында мешіттің айналасы ретке келтіріліп, құлшылық етуге қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Ұйымдастырушылар мұндай игі істер жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, тазалықтың исламдағы маңызын насихаттайтынын атап өтті.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

