Дінге қызмет ету — адамзатқа жақсылық жасау, моральдық құндылықтарды насихаттау және қоғамның рухани дамуына үлес қосу арқылы көрінетін ізгі амал. Бұл тек мінәжәт етумен ғана шектелмей, білім тарату, қайырымдылық жасау, ұлттық бірлік пен имандылықты нығайту сияқты әрекеттерді қамтиды Осы орайда Қордай ауданы, Арал ауылындағы «Арал» мешітіне жаңа имам тағайындалды. Мешіт имамы қызметіне Амангелді Нұрбердиев бекітіліп, ауыл жамағатына таныстырылды.
Тағайындау барысында мешіт қызметінің маңыздылығы айтылып, жамағатты бірлікке, ынтымаққа және ізгі амалдарға үндейтін насихаттар жүргізілді. Сонымен қатар, жаңа имамға алдағы қызметіне сәттілік тілеп, ауыл тұрғындарының рухани тәрбиесі жолында абыройлы еңбек етуіне тілектестік білдірілді. Жамағат тарапынан жаңа имамға қолдау көрсетіліп, мешіт жұмысының жандануына сенім білдірілді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

