Қордай: Аудан орталығында айлық дастархан жайылды

Қордай: Аудан орталығында айлық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде аудан бас имамының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына арналған айлық дастархан жайылып, рухани кеш өткізілді.

Игі шараға ауыл ақсақалдары, жастар және мешіт жамағаты қатысып, көпшілікке құрмет көрсетілді. Дастархан барысында бас имам жамағатқа ауызбіршілік, ынтымақ пен татулықтың қоғамдағы орны туралы уағыз-насихат айтып, мұсылман адам көркем мінез бен бауырмалдықты берік ұстануы қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар, мешіттің қоғамдағы рухани тәрбие ордасы ретіндегі маңызы кеңінен түсіндірілді.

Кездесу кезінде жамағат арасында өзара пікір алмасу болып, көпшілікке ізгі тілектер айтылды. Шара соңында ел тыныштығы, халықтың амандығы және береке-бірлік үшін дұға жасалды. Мешіт жамағаты осындай рухани дастархандар адамдар арасындағы сыйластықты арттырып, бірлік пен татулықты нығайтатынын атап өтті.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: