Қордай: "Әлжан ана" жамағаты «Құдайберген» мешіті имамына құрмет көрсетіп, ат мінгізді

Қордай: "Әлжан ана" жамағаты «Құдайберген» мешіті имамына құрмет көрсетіп, ат мінгізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің жамағаты мешіт имамы Саламат Сәлімұлын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ерекше құрмет көрсетті.

Жамағат имамның ел бірлігі мен діни-ағарту саласындағы еңбегіне ризашылық білдіріп, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, ат мінгізді. Бұл игі шара ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен имамға деген сый-құрметінің көрінісі болды.

Кездесу барысында ақсақалдар ақ батасын беріп, жамағат арасында татулық пен ынтымақтың арта беруіне тілектестік білдірілді. Сонымен қатар, Құрбан айт мерекесінің рухани мәні насихатталып, барша мұсылман қауымына ізгі тілектер айтылды. Алла тағала жамағаттың ықыласы мен жасаған құрметін қабыл етіп, бірліктеріңізге береке нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: