Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылының кітапханасында жасөспірімдердің рухани тәрбиесін нығайту мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға «Жаңатұрмыс» мешітінің имамы Нұртуған Өмірзахов қатысып, 9-сынып оқушыларымен тағылымды кездесу өткізді.
Кездесу барысында имам адам бойындағы көркем мінез, ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу секілді имандылыққа негізделген қасиеттер жайында кеңінен әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы жастар тәрбиесі, әлеуметтік желінің әсері, уақытты тиімді пайдалану және білім алудың маңыздылығы жөнінде насихат айтылды. Шара барысында оқушыларға дін мен дәстүр сабақтастығы, жат ағымдардың зияны және ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызы түсіндірілді.
Жастар өз пікірлерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Дөңгелек үстел еркін пікір алмасу форматында өтіп, оқушыларға рухани серпіліс сыйлады. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің жас буынның тәрбиесіне оң ықпал ететінін атап өтті.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

