Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде өзге аудандардан және орталықтан келген әжелер мен ұстаздарға құрмет көрсетіліп, арнайы қонақжайлықпен дастархан жайылды.
Аудан бас имамының ұйымдастыруымен өткен шарада қонақтарды ақ жаулықты әжелер мен жамағат ыстық ықыласпен қарсы алып, шашу шашылды. Кездесу барысында келген қонақтарға таңғы және түскі ас беріліп, рухани әрі тағылымды әңгімелер айтылды. Сонымен қатар, табиғат аясында серуен құрып, қонақтардың тынығып, демалуына қолайлы жағдай жасалды.
Шара барысында қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі насихатталып, үлкенге құрмет көрсету мен сыйластық құндылықтары кеңінен дәріптелді. Қонақтар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

