Қордай: «Құрбан айтқа» қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қордай: «Құрбан айтқа» қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы аудандық «Қордай» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай жамағат арасында насихат және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мешіт қызметкері Әнебеков Жанұзақ жамағатты келе жатқан ұлық мерекемен құттықтап, Құрбан айттың мұсылман өміріндегі орны мен рухани маңызы жөнінде кеңінен баяндады.

Кездесу барысында Құрбан айт күндеріндегі сауапты амалдар, құрбан шалудың тәртібі мен әдебі, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету, көрші-қолаңмен татулықты нығайту секілді игі істер жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мереке күндерін ысырапсыз, береке-бірлік аясында өткізу қажеттігі айтылды.

Жамағатқа ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу, қоғамдағы ауызбіршілікті сақтау жөнінде насихат айтылып, әрбір мұсылманның ізгі амал жасауға ұмтылуы керектігі жеткізілді. Іс-шара соңында ел тыныштығы, жұрт амандығы және халқымыздың бірлігі үшін дұға жасалып, жамағатқа мерекелік жылы лебіздер білдірілді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: