Ақтөбе ауылының 1988 жылы туған, 2006 жылы Қ.Сәтбаев мектебін тәмамдаған түлектері игі іске ұйытқы болды. Ауылымыздың көпбалалы азаматы Жарылқасынов Ғалымжанға қолдау көрсетіп, баспаналы болуына себепкер атанды. Түлектердің демеушілігімен 1 миллион 800 мың теңге көлемінде қаржы жиналып, отбасының қоныс тойына үлкен қуаныш сыйлады.
Бұл игі бастама — туған жерге деген жанашырлық пен ауызбіршіліктің айқын көрінісі. Қайырымдылық жасап, мұқтаж отбасыға қол ұшын созған азаматтарға ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіруде.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

