«Жүніс молда» мешітінде Еламан Бақытханұлы ұстаз жамағатқа арналған «Құрбан шалуға қатысты үкімдер» тақырыбында пәтуа сағаты өткізді.
Пәтуа сағаты барысында құрбан шалудың үкімі, оның мұсылман өміріндегі маңызы және құрбандыққа қатысты шариғи талаптар кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, құрбандыққа шалынатын малдың ерекшеліктері, құрбан шалу уақыты мен тәртібі жайында жан-жақты мәліметтер берілді.
Еламан ұстаз жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, құрбандықты шынайы ықыласпен орындаудың сауабы мен тәрбиелік мәніне тоқталды. Сондай-ақ, мұқтаж жандарға қамқорлық жасау мен бауырмалдықты арттыруда Құрбан айттың орны ерекше екені айтылды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

