МЕРКІ: АУДАНДА ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

МЕРКІ: АУДАНДА ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлық мереке — қасиетті Құрбан айт қарсаңында Меркі ауданына қарасты мешіттерде дайындық жұмыстары қызу қолға алынды. Игі шара аясында аудан көлеміндегі құлшылық үйлеріне «Құрбан айт құтты болсын» атты мерекелік баннерлер ілінді. Бұл бастаманың басты мақсаты — қасиетті мейрамның қадір-қасиетін насихаттап, жұртшылық арасында Құрбан айттың рухани мәнін арттыру болып табылады.

Осы мақсатта, айт мейрамының рухани мәні мен құрбан шалудың маңызын халыққа дұрыс жеткізу үшін мешіт жамағатына арнайы ақпараттық флаерлер таратылды. Үлестірілген парақшаларда құрбан шалудың шариғаттағы орны, құрбандыққа қатысты негізгі үкімдер, мереке күндеріндегі ізгі амалдар мен қайырымдылықтың маңызы жайлы құнды мәліметтер қамтылған. Сонымен қатар, қасиетті күндерді ынтымақ пен бауырмалдық мейрамы ретінде өткізу жөнінде кеңінен насихатталды.

Аудан имамдары жамағатпен кездесу барысында Құрбан айттың тек мал шалу ғана емес, адамгершілік, жанашырлық және мұқтаж жандарға қолдау көрсету мерекесі екендігін ерекше түсіндірді. Атқарылып жатқан бұл ауқымды шаралар халықтың діни сауатын арттырып, ұлық мейрамды шариғат талаптарына сай жоғары деңгейде өткізуге бағытталған.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: