Тараз өңірінде өткен облыстық имамдар арасындағы футбол жарысында Жуалы ауданының имамдары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Бұл — бірлік пен ауызбіршіліктің, ұйымшылдық пен табандылықтың айқын көрінісі. Дін қызметкерлерінің тек рухани салада ғана емес, спортта да белсенді екенін дәлелдеген бұл жетістік — барша жамағат үшін қуанышты жаңалық.
Жуалы имамдарының еңбектеріне Алла береке берсін! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

