Мереке қарсаңында Жуалы ауданы Теріс ауылдық «Мырзахмет ата» мешітінің имамы Бауыржан Мұсағалиұлы ауылдың ардақты қариясының шаңырағына арнайы барып, Құрбан айт мерекесімен құттықтап, хәл-жағдайын сұрап, ақ батасын алып қайтты. Дастарханымыздың дәмін апарып, көңіл бөліп қайту — үлкенге құрмет, кішіге өнеге.
Ақ жаулықты аналарымыз бен асқар таудай ақсақалдарымыз аман болсын! Алла барша қарияларымызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбастарына береке нәсіп етсін-деп имам ізгі тілегін жеткізді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

