Жуалы ауданы Теріс ауылдық округіндегі «Мырзахмет ата» мешітінің имамы Бауыржан Мұсағалиұлының ұйымдастыруымен ауылдағы мұқтаж отбасыларға демеушілердің қолдауымен азық-түлік түрінде қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Бұл — ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан мейірім мен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Қазақ халқы: «Қайырымдылық жасасаң — қайырын өзің көресің» дейді. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған он есе сауап беріледі» деп баяндайды («Әнғам» сүресі, 160-аят).
Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ хадисінде: «Адамдардың ең жақсысы — адамдарға пайдасы тигені», — деген.
Осындай игі іске үлес қосқан барша жомарт жандарға Алла разы болсын! Берген садақаларыңыз еселеніп қайтып, шаңырақтарыңыздан береке мен тыныштық кетпесін. Бірлігіміз бекем, мейіріміміз мол болсын! — деп имам ақ тілегін жеткізді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

