Жуалы: Жаңаталап ауыл бейітіне тазалық жүргізілді

Жуалы: Жаңаталап ауыл бейітіне тазалық жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданының Жаңаталап ауылындағы қорым аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындарының бастамасымен ұйымдастырылған бұл игі іс — ата-баба рухына көрсетілген құрметтің және сауапты амалдың айқын көрінісі. Бейіт басын таза ұстау — ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен жанашырлығын танытатын ортақ міндет.

Тазалық жұмыстары барысында ауыл азаматтары ескі жапырақтарды, қураған ағаштарды және тұрмыстық қалдықтарды жинап шығарды. Сонымен қатар, қабірлер арасы мен қорым маңы шөптен тазартылып, құлаған немесе тозығы жеткен қоршаулар жөндеуден өткізілді.

Бірлік пен жанашырлық бар жерде береке де арта бермек.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: